19 Декабрь
02:27
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
5 тамыз 10:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда келіндерге арналған мобильді қосымша шығарылды


Астанадағы Назарбаев Университетінің студенті Дидара Пернебаева, Қазақстанда ажырасуды азайту және келіндердің жағдайын жақсартуға арналған мобильді қосымша шығарды.

19 жастағы бойжеткеннің айтуынша, «Келін» деп аталытын бұл iPhone-қосымша келіндердің себебінен болатын ажырасуларды 50 пайызға дейін азайтуға септігін тигізеді.

«Қазақстанда ажырасулар, яғни некенің бұзылуы қоғам үшін үлкен қатер екені белгілі. Тұрмысқа шыққан кейбір құрбыларымның, әпкелерімнің ажырасып кетіп жатқандары жаныма қатты батады. Сөйтіп, мобильді қосымша жасау идеясы туындады. Өйткені қазір қыздардың барлығында дерлік смартфондар бар ғой. Олар ең болмаса осы қосымша арқылы өздерін болашақ отбасылық өмірге дайындаса екен», – дейді Пернебаева.

Сонымен қатар, ол келіндер қауымы да осы қосымша арқылы бір-біріне ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсете алатындығын жеткізді.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    979
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии