22 Сентябрь
10:29
Астана: 8 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Авто
24 тамыз 16:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда көлік бағасы қымбаттап кетті
Елімізде көлік қымбаттады. Дилерлер темір тұлпар тізгіндеуге келген тұрғындарға жаңа баға ұсыныпты. Доллардың теңгені сабап тастауынан көптеген автосалондар саудаларын уақытша тоқтатқан.
 

Көлік бағасын қандай курс бойынша қоятынын білмей дал болған автодилерлер сауданы тоқтатқанын, теңгенің құнсызданып, доллардың шарықтауымен түсіндірді. Сондықтан олар әліптің артын бағып, нарықта АҚШ валютасы курсының тұрақтанғанын күтуге бел буған. КASЕ бекіткен бағам бойынша бірқатар орталықтар 1 долларға 250 теңгеден шағып, темір тұлпар бағасын осы шамада есептепті. Саудагерлер алдағы айларда көлік бағасы үлкен өзгеріске түспейтінін айтады.

Алайда теңгенің теңселуі қазірдің өзінде темір тұлпар бағасының күрт өсуіне әкеп соққан. «Хюндай» маркалі темір тұлпарлардың құны орташа есеппен 5-тен 10-пайызға дейін өсті. Сол сиқты «Ниссан» машиналары да осы шамада бағасын көтерді. «Қазір біздегі «Тойота» көліктерінің бағасы өзгерген жоқ. Бірақ жаңадан әкелінетін көліктердің құны жоғары болады. Әзірге «Тойота» маркасының бағасы қанша болатыны белгісіз, олар бізге әлі жаңа баға бермеді. «Хюндай» маркалі темір тұлпарлардың құны орташа есеппен 5-тен 10-пайызға дейін өсті. Сол сиқты «Ниссан» машиналары да осы шамада бағасын көтерді. Ал кей моделдері ескі бағада қалды»,- деді «Астана Моторс» компаниясының атқарушы директоры Антон Афомин. Әдеттегідей жұмыс режиміне көшкен «Бипек-авто» салоны да машиналардың құнын жаңа бағам бойынша құбылтқан. Ал «Аллюр-авто» саудагерлері, нарықтағы жағдайға қарап темір тұлпар сатылымын әлі де тежеп отыр.

«Нарықтағы жағдайдың тұрақсыздығына орай, біз көлік сатуды тоқтатуға мәжбүр болып отырмыз. Бірақ қандай да бір өзгерістер болса әрі сатылымды қайта бастағанымызда біз міндетті түрде хабарлаймыз»,- деді «Allur auto» компаниясының менеджері. Елімізде жаңа темір тұлпарлардың саудасы осы жазда 30 пайызға төмендеген. Әсіресе, жеңілдетілген несиеге қарамастан, Қазақстанда жасалған машиналар салонда тұралап қалды.

Ал көлік сатылымының өткен жылғы шілде айының көрсеткішін биылғымен салыстырғанда 45 пайызға кем екен. Сол себепті сарапшылар алдағы жылдары көлік саудасының құлдырайтынын алға тартады.

Дереккөзі:  okok.kz 
 
нравится:    1625
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии