17 Декабрь
16:02
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
24 шілде 15:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда көлік сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға азайды
Қазақстанда көлік сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға азайды


Елімізде көлік саудасы төмендеді. Шетелдің темір тұлпарларын сататын автодүкендерде жыл басынан бергі сатылым өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға азайған.

Ал көлікті 4 пайызбен несиеге беру науқаны тоқтаған жоқ, әлі де жалғасады.

Тұрғындар автосалондардан темір тұлпар тақымдауды бірте доғара бастаған. Биыл мамыр айына дейін сұраныс қалыпты еді. Ал қазір күрт құлдырады. Жыл басынан бері еліміздегі ресми дилерлер бар-жоғы 9 мыңға таяу машина сатқан. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 30 пайызға төмен. Мамандар көрсеткіштің төмендеуін доллар өседі деген болжаммен байланыстырады.

«Доллар өсіп, теңге құны төмендесе бізге де жұмыс жасау қиындайды. Біз көліктерді Қазақстанда шығарғанымызбен жарты бағамыздың құнын импорттаушылардың шартына сай көтереміз», – деді “Аллюр” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марчел Рудик.

Саудагерлер «алдағы уақытта доллар құны көтерілсе, көлік бағасында айтарлықтай өзгеріс болмайды», – дейді. Бар болғаны бірлі-екілі темір тұлпардың құны өсуі мүмкін. Бірақ онда да баға қолжетімді болады.

«Егер доллар бағамы 190 теңгеге дейін көтерілетін болса, көлік алдын ала келісілген баға бойынша сатылады. Ал, жаңадан тапсырыс беретін көліктердің құны – өндірушілердің қойған бағасына сәйкес болады. Дегенмен, бағаны қатты өсірмеуге тырысамыз», – деді сатылымның аймақтық директоры Михаилс Кветнис.

Елімізде көліктерді 4 пайыз жеңілдетілген несиемен беретін мемлекеттік бағдарламаның қазір 75 пайызы игеріліпті. Содан болар, соңғы кездері аталмыш бағдарлама бойынша көлік саудасы тоқтады деген қауесет тараған.

Саудагерлер бұл пікірді жоққа шығарып, тек «Бипек авто» көліктері ғана біткенін, ал өзге көлік маркалары әлі де сатылымда екенін айтты. Әрі, бұл бағдарлама біраз жылға жалғасады. Жеңілдетілген несие арқылы алғашқы мерзімде 13 пайыз көлік саудаланса, маусым айында көрсеткіш 30 пайызға дейін жеткен.

Дереккөзі:nur.kz
нравится:    814
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии