17 Декабрь
23:32
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
14 шілде 14:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстанда көмірден бензин өндірілуі мүмкін
Қазақстанда көмірден сұйық жанар-жағармай өндірілуі мүмкін. Бүгін бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Алайда ол жобаның қалай және қашан жүзеге асатынына қатысты нақты жауап берген жоқ. Сонымен бірге жақын болашақта күкірттен жасалатын арнайы батареялар шығарылады.



Олар энергия үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі министрлік пен Дүниежүзілік банкінің бірлесе жасап жатқан жобалары. Олардың ішінде автобус рейстерінің электрондық билеттерін сатудың бірыңғай жүйесі да бар. Енді автобус билеттерін үйден шықпай-ақ алуға болады. Тағы бір жоба контрафактілі өнімді анықтайтын құрылғыға қатысты. Вайпон деп аталатын мобильді қосымша іске қосылып, ол штрихкод арқылы тауардың түпнұсқа екенін анықтай ала алады. Бүгінде технологияларды коммерцияландырудың арқасында отандық ғалымдардың 65 ғылыми әзірлемесі 6 млрд теңгеге қаржыландырылды. Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: - Көмірден ертең бензин немесе сұйық жанармай жасау бүгінде кішігірім жоба ретінде енгізіліп жатыр. Сонымен бірге асфальтқа қоспалар қосу деген үлкен жоба бар. Қазір ол да іске асып, бір жолға қойылып жатыр. Энергетикалық өнімділікті ғана емес, энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін ғалымдардың зерттеулері бар.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    666
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии