18 Декабрь
16:50
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
4 қараша 16:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда компьютерге арналған "емделмейтін" вирус таралып жатыр
Қазақстанда салық комитетінен келген хат түріндегі компьютер вирусы пайда болды. Vault вирусы Trojan.Encoder-ден шыққан. Ол компьютерге түскен соң ол қатқыл дискідегі файлдарды шифрлеп тастайды, файлдарды кейін арнайы кілттер арқылы ғана шифрдан алуға болады. Файлдарды ашу үшін ақша сұрауы да мүмкін. .mp3, .doc, .docx, .pdf, .jpg, .rar форматтағы файлдар бұғатталып қалуы мүмкін.



Alash Media Group компаниясының техникалық департаменті вирустың кесірінен тұтас бір компанияның құжаттарын пайдалану мүмкіндігі жойылатынын хабарлады.

"Вирусты таратушылардың көбі салық немесе басқа да органдардың хаты ретінде жіберу әдісін пайдаланады. Хатта төлем құжаттары, есептер болуы мүмкін. (...) Зақымдалған хаттар кез келген жерден келеді", - деді сарапшылар.

Мамандардың айтуынша, мұндай вирусты хаттар соңғы кезде тек Қазақстанда емес, әлемнің барлық жерінде кеңінен таралып жатыр. "Бұдан сақтанудың жолы: жіберушінің аты-жөні белгісіз хаттарды ашпау; өзіңіз білмейтін адамның жіберген хатындағы сілтемелерді ашпау; жаңарған ақпараттарды үнемі сақтап отыру", - деді мамандар.

Антивирус шығарумен айналысатын "Касперский Лабораториясы" да тұтынушыларынан мұқият болуды сұрады. "Вирустарды бағдарламаның кодтарын оқу арқылы анықтауға болады. Дегенмен ПО образды вирустар да болады, оларды оқу мүмкін емес. Файлдарыңызды ашу үшін біздің бағдарламаларды - Rector Decryptor, RakhniDecryptor, RannohDecryptor, ScatterDecryptor немесе Xorist Decryptor пайдаланыңыздар. Бұлардың әрқайсысы зақымдалған вирустармен қалай жұмыс істеу керегін көрсетеді. Егер файлдарды ашу мүмкін болмаса, утилитаның жаңарғанын күту керек", - деп хабарлады компания.

"Өкінішке орай, файлдарды қалпына келтіру біздің қолымызда емес. Файлдарды ашатын кілттерді жинақтай мүмкін емес. Негізгі кеңес: ІІМ-нің жергілікті бөлімшесіне барып, шағым түсіру керек", - деп хабарлады Drweb компаниясы.

Дереккөзі: Tengrinews.kz 
нравится:    699
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии