|    |  
20 қараша 2018
18:37
қаз
Қазақстанда лаңкестердің жойқын шабуылының жолы кесілді
23 тамыз, 18:00 761


ҰҚК елімізде жоспарланған терактілер сериясының жолын кесті, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі. 

Арнайы операция 2016 жылғы 18 тамызында Алматы облысында жүргізілген. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан, олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды", - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Радикалдардың ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне және олардың орналасқан орнына қарулы шабуыл жасау бойынша жоспары жүзеге аспады. Келесі кезеңде олар адамдар көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасауды жоспарлаған. 

"Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, олардың нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады", - деді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.  

 
Жаңалықтар