12 Декабрь
02:59
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
22 қыркүйек 15:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда McDonald’s ашылады
Елімізде алғашқы McDonald’s 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласында ашылмақ.



McDonald’s брендін пайдалануға құқығы бар компания алғашқы кәсіпорынды Алматы қаласында ашпақ. Ас мәзірінде дәстүрлі және бүкіл әлемге белгілі Биг Мак, фри, Чикен Макнаггетс және тағы басқа тағам ұсынылады.

Компания басшылығының айтуынша, McDonald’s 100-ге жуық қазақстандықты жаңа жұмыс орнымен қамтымақ. Қазіргі уақытта McDonald’s кәсіпорнының қызметкерлері Ресейде оқытылып жатыр. Болашақта кәсіпорындар желісі бүкіл Қазақстанда дамитын болса, жұмыспен қамтылатындардың саны 20 мыңға дейін өседі деген болжам бар.

McDonald’s әлемде әлеуметттік жауапкершілік қағидалары негізінде бизнес жасайтыны мәлім. Қазақстанда да бұл дәстүр ұмыт қалмай, Алматыда мейрамхана жанынан мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген балалар ойын алаңқайы жасақталмақ.

McDonald’s алдағы екі жыл ішінде Астана қаласында да ашылады деп жоспарланған.

Дереккөзі: BNews.kz
нравится:    804
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии