20 Август
07:58
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
12 қаңтар 11:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда отандық автокөлік өнеркәсібін қолдауға 11 млрд теңге бөлінеді
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ автокөліктер сатып алуға жеке тұлғаларды несиелеу түрінде ҚР Ұлттық қоры қаражатынан 11 млрд теңгені қазақстандық автокөлік өнеркәсібін қолдауға бағыттайды, деп хабарлайды «Қазақстанның Даму банкі» АҚ баспасөз қызметі.


«Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты аясында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) Ұлттық қор қаражаты есебінен қазақстандық көлік құрастыру кәсіпорындарын қолдауға 11 млрд теңге бөледі. Аталған қаражат Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алуға жеке тұлғаларды несиелеу үшін төрт коммерциялық банкке бағытталды», — делінген  аталған банк таратқан хабарламада.

ҚР Үкіметімен бекітілген жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлеме (оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс. Несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болған жағдайда) – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%.

Автонесиелер келесі банктер арқылы беріледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3 млрд теңге), «Еуразиялық Банк» АҚ (3 млрд теңге), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (3 млрд теңге), «Банк Центр Кредит» АҚ (2 млрд теңге). Қарыз алушыларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында құрастырылатын «Kia», «Toyota», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтердің 37 көлік моделі ұсынылады. Қаржыландырудың белгіленген лимиттері әр автокөлік өндірушіге 5,5 млрд теңгеден құрайды. ҚДБ www.kdb.kz сайтында автокөлік модельдерінің толық тізбесімен танысуға болады.

 
нравится:    613
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии