23 Октябрь
17:37
Астана: 11 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
4 шілде 12:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда шетелдік телеарналардың жарнама таратуына тыйым салынады

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев елімізде 1-шілдеден бастап шетелдік телеарналардың жарнама таратуына тыйым салынатынын хабарлады.
 
Д.Абаев бұл заңның өткен жылдың қазан айында қабыданғанын, биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс болғандығын тілге тиек етті. Алайда кабельдік опператорлардың өтініштеріне орай бұл іс алты айға  шегерілген.
 
Д.Абаевтың айтуынша, осы уақыт бойы шетелдік телеарналармен тікелей келіссөздер жүргізілген. Қазірдің өзінде олардың бірқатарының контенті  жарнамадан тазарған.
 
Д.Абаев: «Discovery компаниясымен келіссөз жүргізгенде біз ауқымды жұмыс атқардық. 15 телеарнаның 13-і біздің еліміздің Заңын орындау үшін арнайы техника сатып алды. Оған қоса жақын болашақта  Discovery компаниясы Қазақстанда өзінің ресми өкілдігін ашады. Басқа шетелдік арналарға келетін болсақ, еліміздегі ірі кабельдік операторлар: "Қазтелерадио", "Қазақтелеком", "АлмаТВ" – жарнама блоктарын қиып алуға және тазартылған сигналды басқа операторларға жеңілдікпен беруге дайын. Абоненттік базасы шағын кабельдік операторлар 1 шілдеден бастап заңнаманы орындамаған каналдарды өшіруі немесе ауыстыруы тиіс. Әрине, техникалық тұрғыдан да, келіссөздерге қатысты да жекелеген қиындықтар бар. Бірақ министрлік заңның орындалуы үшін және қазақстандық көрерменге шығын келтірмес үшін барын салады»-деді.
 
Оның айтуынша бүгінде түрлі кабелді желілер арқылы 150 телеарна ел аумағына таралады, оның ішінде 70% шетелдік арналар.  "Оларға біздің еліміздің «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Тілдер туралы», «Жарнама туралы» заңдарында қарастырылған шектеулер қолданылмайды. Одан бөлек көптеген шетелдік арналарда сертификаталмаған және лицензиясы жоқ, тіпті Қазақстан нарығында тыйым салынған тауарлар мен қызметтер жарнамаланады. Осылайша отандық арналар жарнама нарығынан түсетін едәуір қаражаттан қағылып отыр. Бұл қаражат қазіргі қазақсандық телеарнаардың жағдайын айтарлықтай жақсартып, инфрақұрылымның дамуына, отандық сапалы бағдарламалардың, фильмдер мен сериалдардың, шоулардың шығуына сеп болар еді»-дейді министр. 

Дереккөз: interfax.kz
нравится:    617
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии