21 Октябрь
07:13
Астана: 6 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
5 шілде 10:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда толықтай медициналық тексеруден өту құны қанша?

Қазақстандағы медициналық check-up нарығының ахуалы қалай?
Қазақстанда медициналық check-up (денсаулық жағдайын толықтай тексеру) нарығына қатысушылар қатарында мемлекеттік, жеке меншік мекемелер, тек осы қызмет түрін көрсетуге бағытталған жергілікті диагностикалық орталықтар мен қазақстандықтарды шет ел клиникаларына емделуге жіберетін шетелдік компаниялардың өкілдіктері  бар.
 
Соңғы аталған мекемелер елімізде кең қанат жайып келеді. 2014 жылы Қазақстанда медициналық туризм бойынша Medical Avenue халықаралық агенттігінің филиалы ашылған. Оның бас кеңсесі Оңтүстік Кореяда орналасқан. ТМД бойынша аймақтық директор Татьяна Фостердің сөзінше аталмыш компания еліміздің жеке меншік емханаларымен бәсекелестікке түсуде. Компания ұсынатын қызметтер арасында барып-келу сапарын ұйымдастыру, билет брондау, тасымалдау қызметтері, қонақүйлердегі корпортаивтік жеңілдіктер, емделушіні емханада тегін алып жүру және т.б. қызметтер бар.
 
Қазір Оңтүстік Корея ғаламдық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық туризм үшін үздік елдің бірі болып отыр. Себебі елде медицинаның дамуына бөлінетін мемлекеттік және жеке инвестициялар көлемі үлкен. Қызмет сапасы еуропалық, америкалық деңгейгн сай, ал қызмет көрсету құны 25–40% арзан.
 
ҚР азаматтары үшін шет елде емделудің негізгі бағыттары: пластикалық хирургия, онкология, ортопедия, кардиология, ең өзектісі диагностика. Медицина нарығындағы check-up-бағдарламаларының әлемдік тренді үлкен сұранысқа ие. Кешенді диагностикалық тексерудің мақсаты – адам денсаулығындағы кез-келген ауытқушылықты, кінәратты дер кезінде анықтау. Соңғы уақытта жұқпалы аурулар әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі екені жиі айтылуда.
 
Базалық check-up дене антропометриясын, жүрек-тыныс алу функциясын тексеруді, онкомаркер, офтальмологиялық және стоматологиялық тексеруді, есту қабіетін, құрсақ қуысының УДЗ, эндоскопия, қан, несеп талдауын және емделушінің жынысына байланысты өзге де медициналық тексерулерді қамтиды. Оңтүстік Кореядағы мұндай бағдарламаның бағасы шамамен 600-800 АҚШ долларын құрайды. Ал онкология, жүрек-қан тамыр жүйесін, ми жұмысы мен қанға түрлі талдаулар жүргізуді қамтитын жан-жақты тексеру шамамен 6 мың доллар тұрады.
 
Health City бас директоры Алмаз Шарманның сөзінше шет ел аспай-ақ, Қазақстанда check-up-бағдарламалар бойынша сапалы диагностикадан өтуге болады. Клиникадағы базалық бағдарлама құны 70 мың теңге, ал жан-жақты бағдарлама шамамен 520 мың теңгені құрайды екен.
 
Сеулдің туризм департаментінің деректеріне сәйкес 2014 жылы 10 мыңнан астам қазақстандық Оңтүстік Кореяға медициналық қызмет алу үшін барған. Фостер мұндай трендтің орын алу себебін қазақстандық мамандарды шет елде жеке және мемлекеттік клиникаларда оқыту үшін қаражаттың жеткілікті бөлінбейтіндігімен байланыстырады.
 
 Дереккөз: forbes.kz
нравится:    757
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии