22 Август
11:33
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
10 ақпан 15:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйлердің салығы төмендетілді


Қазақстанда ҚИК желісі бойынша жалдамалы тұрғын үйге салық едәуір төмендеді.«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президентінің «Болашаққа бастар жол» аттты Жолдауына сәйкес ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасын қабылдады, оның аясында Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша бағыттының операторы болып «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ айқындалды. Мұның ерекшелігі Компанияның әлеуетті жалға алушылары жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар болуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезегінде әлеуметтік әлсіз топтар тұрғандықтан, компания төлемі тұрғын үйді жалға алушыға бекітілген мүлікке салық жарнасын төмендету бойынша жұмыс жүргізілді.
Сонымен, компания мемлекеттік органдармен, министрліктермен, депутаттық корпустармен өзара іс-қимыл кезінде ҚР Салық кодексіне тиісті түзетулер енгіді. Бұл түзетулерді ҚР Президенті қолдап, нәтижесінде 2015 жылғы 27 сәуірде тиісті заң қабылданды. Осы заңның негізінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйді жалға алушылар үшін салық жеке тұлғаларға ставка бойынша есептеледі, бұл салық жүктемесін елеулі төмендетуге ықпал етеді.
Бұл ретте бұл шешім кезекте тұрғандардың негізгі бөлігі меншікті үйлері, жиналған қаражаты жоқ халықтың әлсіз тобы болғандықтан қабылданды.
Еске салсақ, 2015 жылы компания 427 470 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді. 2016 жылы тағы 326 000 шаршы метр тұрғын үй салмақ.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    711
Теги: Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии