Авто
5 қараша 15:49
Қазақстанда жаңа көліктер 17 пайызға арзандауы мүмкін
Қазақстанда жаңа автокөліктердің тіркеуге алғашқы алым енгізілгеннен кейін бағасы 10 пайыздан төмен түседі. Мұндай есептерді Today.kz ҚР ИДМ ұсынған мәліметтер негізінде жасады. Бір жылдан үш жылға дейінгі көліктер аз мөлшерде арзандайды.




Осылайша, үш жылдан асқан көліктер бағасы жаңа ереже енгеннен кейін де қазіргіден ауытқымайды. Берілген мысалды жаңа және ұсталған (1-3 жыл) көліктің бағасы 17-19 пайызға төмен. Есепке сәйкес, қозғалтқыш көлемі мен көлік бағасының түрлілігіне қарамастан, жалпы баға кемінде 10 пайызға түседі.

"Кедендік салықты төмендету мен алғашқы тіркеу алымын ұлғайтқаннан кейін қолданылған көліктердің бағасы ҚР кіргізерде өзгермейді, өйткені оларға салынатын алғашқы тіркеу алымының ең жоғары бағасы специфика бойынша (куб сантиметр үшін) салынатын кедендік салықтан әлдеқайда төмен", - делінген ҚР ИДМ-нің редакцияның ресми сұранысына.

Есетеріңізге салсақ, ҚР ИДМ көліктің алғашқы тіркеу алымы төмендегеннен кейін көлік бағасы арзандауы мүмкін деп хабарлаған. Осылайша, ведомстводағылар көлік құны бірнеше мың долларға түседі деп болжауда.

Комментарии




Яндекс.Метрика