20 Август
02:39
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
13 қазан 10:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда жасалған көліктер Ресей нарығына шығады

Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО Қазақстан» компаниясы автоөнеркәсіп кластерін құрып, жылына 120 мың темір тұлпар шығаруды жоспарлап отыр. «АЗИЯ АВТО Қазақстан» – еліміздің көлік шығаратын ірі компаниясы. Отандық нарықта өз орнын тапқан кәсіпорын енді шетелдерді бағындырмақ. Бүгінгі таңда олар әлемге әйгілі KIA Motors, Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan-АвтоВАЗ өндірушілерімен әріптестік орнатқан. Мұнда темір тұлпарлардың 27 түрі құрастырылады. Алмас Тоқтарбеков олардың сапасына жауап береді.
Алмас Тоқтарбеков, байқау учаскесінің технигі: - Біз мемлекеттік стандарттар бойынша жұмыс істейміз. Оны жыл сайын әлемнің ірі компаниялары келіп тексеріп кетеді. Әзірге кемшіліктер болған емес. Өскемен қаласында құрастырылған көліктерді ресейліктер тізгіндемек. Жүргізушілердің сұранысы зор. «АЗИЯ АВТО Қазақстан» кәсіпорнында құрастырылған көліктердің алғашқы легі Ресейге 2016 жылы шығарылмақ. Бұл бастамасы ғана. Өндіріс ошағы автоөнеркәсіп кластерін салып, жылына 120 мың темір тұлпар шығаруды жоспарлап отыр. Оның 70 мыңы көрші елдерге экспортталмақ.    «АЗИЯ АВТО Қазақстанның» салынып жатқан зауытында «Лада» көлігінің жаңа түрлері құрастырылмақ. Атап айтсақ: ХRAY кроссовері, VESTA седаны. Бұл – отандық машина жасау саласының тың жобасы. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2018 жылға қарай кәсіпорынның жылдық жалпы ішкі өнімі 1 млрд 100 млн долларға дейін жетпек.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    1195
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии