21 Август
04:58
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
13 тамыз 15:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда жауынгер-әйелдің сүйегі табылды
 

ОҚО-да археологтар алғаш рет жауынгер-әйелдің сүйегін тапты. Әйел толық қаруланған күйі табылған. Мамандар ол б.д.д. 2 ғасырдан б.д. 4 ғасыры аралығында өмір сүрген деп болжауда. Бұл - аз зерттелген Қаңлы мемлекетінің өкілі. Қазақстан тарихы туралы бірде-бір оқулықта онда жауынгер әйел болды деген дерек жоқ.

Археологтар әр сантиметрді елеп-екшеуде. Жауынгер әйелді мұқият зерделеуде. Оның жасы 2300 жылды құрайды.

Әйелдің оң қолында темір жебенің екі түрі, м-үлгісіндегі садақ элементі, қанжар және кішкене пышақ бар, ал сол жағында үлкен қылыш, сүйектерден жасалған көптеген бұйымдар бар. Кейбір заттарды мамандар әлі де анықтау үстінде.
Енді жауынгер әйелді Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайына апармақ. Оған және басқа да жәдігерлерге арнайы сараптама жасалады.

Осы Күлтөбе қалашығында екі мың жыл бұрын үлкен қала болған. 23 жыл арнайы экспедиция бұл жерден өткен дәуірдің жәдігерлерін тауып келеді. Қазір тағы бір қорғанды ашып жатыр. Ғалымдар бұл жерде әлі талай қызықты дүниелер табатынына сенімді.

Дереккөзі: khabar.kz
нравится:    782
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии