22 Август
11:34
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
13 шілде 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда жекеменшік түрмелер салынбақ
Еліміздің қылмыстық атқару жүйесін ауқымды реформа күтіп тұр. Оның басы жайлы жекеменшік түрме салудан басталмақ.  Халықаралық деңгейдегі түзету мекемесін салуға франциялық кәсіпкерлер құлшынып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Олар өз жобаларын да ұсынуда. Шетелдіктердің қаржысын бекер құйғалы отырған жоқ. Сотталғандар арқылы молынан табысқа кенелуді ойлап алақандарын ысқылауда. Тендерге таласқан инвесторлар абықты салудан қандай пайда табады?


Бұл бастама шынымен жүзеге асса, сотталушылар батыстық үлгідегі түрмелерде жазасын өтейтін болады. Бірақ, мұндай абақтыларға кімдердің жайғасары әзірше белгісіз.

Анығы – қонақүйге ұқсайтын 1500 адамға шақталған жекеменшік түрме алдымен Қарағандыда салынбақ. Жергілікті әкімдік жер де бөліп қойған.

Ал құрылыстың құны 25 миллиард теңге.  Сызбасын көрсеткен француздар жобаларының мақтауын асыруда.

Ешкім қашып та көрген емес. Өйткені біз ең басты қауіпсіздікке мән береміз. Әрі жылы, жайлы болады

“Әлем бойынша біз салып жатқан түрмелердің еш бірінде қайғылы жағдай болып көрген жоқ. Ешкім қашып та көрген емес. Өйткені біз ең басты қауіпсіздікке мән береміз. Әрі жылы, жайлы болады”, – дейді Франция компаниясының Қазақстандағы өкілі Тимур Джабуа.

Ал түрме кешенін салудан шетелдіктер ұтылмайды. Мекеме аумағынан қонақүй, өндіріс пен түрлі цех ашып қосымша табыс таппақ. Инвесторларды мемлекетте қаржымен демеп отырмақшы.

“Елдегі түрмелердің бәрі Кеңестік заманнан қалған. Тіпті бізде бір камерада 50-60 адамнан жатқандар бар. Оның бәрін жаңарту керек”, – дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Асқар Тілегенов.

Расымен, елімізде жазасын өтеушілерге арналған мекемелердің әбден тозығы жеткен. Салынғанына 60 жылдан асып сыз тартқан калонияларда өлім-жітімнің де саны азаймай тұр.

Жекеменшік түрмені тұрғызатын  кәсіпкерлердің оны күзету жағына қатысы жоқ. Бұл міндет Ішкі Істер министрлігінің құзыретінде қала бермек. Инвесторлар тек ішкі жұмыстарына жауапты. Киім, тамақ, тағысын тағы.

Ішкі Істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесіндегі реформаның мақтауын асырғанымен түрмедегі тәртіп әлі ақсап тұр. Астанаға әділдік іздеп келгендер мұндағы кезекті соралықты жайып салды. Шағымданушылардың айтуынша, Тараздағы 158/2 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Марат Құлжанов аяусыз тепкіге жығылыпты. Тіпті оны камераласы зорламақ болған.

Балдақпен жүрген адамды тұрғызып қойып, іш киімін бәрін шешіп, ұрған

“Балдақпен жүрген адамды тұрғызып қойып, іш киімін бәрін шешіп, ұрған. Одан кейін Аққожаев Арманның өзі іш киімін шешіп, мен сені зорлаймын деп айтқанда інім айқайлаған. Сосын қойыпты”, – дейді жазасын өтеушінің туысы Анар Құлжанова.

Осындай бассыздық жекеменшік абақтылар салынған соң тыйылады деу мүмкін емес. Ал, түрмелерді табыс көзіне айналдыру қаншалықты тиімді болары белгісіз.

Құрылысқа бюжеттен қанша миллиард бөлінетіні де айтылмай отыр. Оның үстіне Еуропалық үлгідегі  түзету мекемелері жалғыз Қарағандыдан емес, Шымкент, Петропавл мен Астанадан да тұрғызылмақ.

 
нравится:    802
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии