20 Сентябрь
08:02
Астана: 4 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Авто
22 сәуір 09:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда жеңілдетілген несиемен берілетін көліктер тізімі жарияланды
Ұлттық қордың есебінен отандық автоөндірісті қолдау мақсатына бөлінген 20 млрд теңгенің 15 миллиарды Қазақстанда жиналған 55 көлік маркасының несиесіне берілетін болады.
 

Бұл туралы “Қазақстан даму банкінің” басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді деп хабарлады 7kun.kz.
20 сәуірден бастап отандық автокөлікті несие арқылы алудың тиімді пайыздық мөлшерлемесі 7,5%-ды құрайтын болады.
Республика экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен банктер тізіміне Қазақстанның Халық банкі (4 млрд теңге), Еуразиялық банк (3 млрд теңге), Сбербанк Қазақстан (2 млрд теңге), Банк ЦентрКредит (2 млрд теңге), АТФ Банк (2 млрд теңге) және ForteBank (2 млрд теңге) енді.
Ал жеңілдетілген несиемен берілетін көліктерге келесі 55 маркалар кірді: Chevrolet Aveo; Chevrolet Captiva; Chevrolet Cruze; Chevrolet Malibu; Chevrolet Orlando; Chevrolet Tracker; KIA Carens; KIA Ceed; KIA Cerato; KIA Cadenza; KIA Optima; KIA Picanto; KIA Rio; KIA Carnival; KIA Sorento; KIA Soul; KIA Sportage; LADA 21214; Škoda Octavia; Škoda Rapid; Škoda Superb; Škoda Yeti; Hyundai Tucson; Hyundai Elantra; Hyundai Sonata; Hyundai SantaFe; Hyundai i-30; SsangYong Kyron; SsangYong New Actyon; SsangYong Actyon Sports; SsangYong Rexton; SsangYong Nomad; SsangYong C150; SsangYong Tivoli; JAC A20; JAC J4; JAC J5; JAC S3; JAC S5; JAC J6; JAC M5; Peugeot 408; Peugeot 301; Peugeot 508; Peugeot 3008; Peugeot 2008; Peugeot Partner VP Tepee; Geely CK; Geely GC 6; Geely MK-CROSS; Geely SC-7; Geely GC-7; Geely Emgrand E7; Geely Emgrand GX-7; ZAZ Chance.
Қазақстандық автобизнес ассоциациясының президенті Андрей Лаврентьевтің айтуынша, қазіргі уақытта ең арзан автонесиенің мөлшерлемесі 18%.
“Қазір қазақстандық нарықта 10 көліктің алтауы несие арқылы сатылады. Бұл ретте аталған мемлекеттік бағдарлама бірнеше бағыт бойынша өз пайдасын тигізе алады. Отандық автоөндіріс те дамиды, тұтынушы да ұтады. Тиімді пайыздық мөлшерлемесі 7,5%, барлық сақтандыру төлемдері ескерілген несиемен жаңа көлік алуға болады”, – дейді ол.
Жеке тұлғаларды несиелендіру келесі талаптар арқылы жүреді:
Номинал сыйақы мөлшерлемесі 4%-дан аспауы қажет, жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,5%-дан аспауы қажет (бұған КАСКО бойынша сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу бойынша шығындар да кіреді), несиенің берілетін мерзімі 5 жылдан аспауы қажет, несие валютасы — теңге, бір көліктің бағасы 5,6 млн теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ, міндетті алғашқы жарна сатылатын көліктің 20%-нан аспауы қажет.
Қалған 5 млрд теңге ҚДБ-ның еншілес компаниясы “ҚДБ-Лизинг” арқылы лизингке арнайы бағыттағы автокөлік пен автотехника алатын (ауыл шаруашылығы техниксынан басқа) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталады.
Оның талаптары келесідей:
Лизинг мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін, номинал сыйақы мөлшерлемесі 4%-дан аспауы қажет, қаржыландыру валютасы — теңге, лизинг бойынша алғашқы жарна алынатын техника құнының 30%-ы, негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдік мерзімі — 6 ай, қосымша шығындар (сақтандыру, қызмет көрсету және агенттік қызметі) лизиналушының есебінен.
Аталған мемлекеттік бағдарлама “Нұрлы Жол” президент бастамасының аясында жүзеге асырылады. 
Дереккөз: Жеті күн
нравится:    815
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии