13 Декабрь
12:59
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
27 сәуір 11:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстанда жылжымайтын тұрғын үй мүлігіне сұраныс төмендеді


Қазақстанда қайталама жылжымайтын тұрғын үй мүлігіне деген сұраныс төмендеуде. Осы жылдың алғашқы үш айы бойынша нарықтағы жағдайға талдау жүргізген Homsters.kz компаниясының мамандары осындай қорытындыға келіп отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Homsters.kz басқарма мүшесі Дмитрий Александровтың айтуына қарағанда, ақпан айында қаңтармен салыстырғанда пәтер немесе үй сатып алуға ниет білдіргендердің саны 4,7%-ға азайған. Ал наурыз айында ақпанға қарағанда аталған көрсеткіш тағы 8,4%-ға түсіп кеткен. Сарапшының сөзі бойынша, нарықтағы үй сату туралы ұсыныс керісінше қаңтар айынан бері 25%-ға жуық көрсеткішке артқан. Александров мырза бұл туралы Қазақстанның Біріккен Риэлторлар Қауымдастығының VIII құрылтайында мәлімдеді.

«Ұсыныс санының бұлай артуын біз жаңа үйлер нарығындағы бағалардың уақытша тұрақталуымен және халықтың қысқа уақыт ішінде қолда бар үйін сатуға тырысуымен байланыстырып отырмыз. Сұраныстың төмендеуі және ұсыныс санының артуы динамикасына ұлттық валюта бағамының тұрақталуы да ықпал етті. Яғни біреулер баға төмендеп кетеді деп күтіп, тұрғын үйді барынша қымбат сатуға тырысса, енді біреулер жылжымайтын мүлікті артық-ауыс ақшаны инвестициялаудың жалғыз жолы ретінде қарастырудан бас тартып отыр», – деп атап өтті сарапшы.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    751
Теги: Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии