23 Август
10:10
Астана: 22 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
11 маусым 17:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда зорлықшылдар мен педофилдерге химиялық кастрация жасау ұсынылды
Қазақстанда зорлықшылдар мен педофилдерге қарсы қылмыстың алдын алу мақсатында ерікті немесе мәжбүрлі түрде, химиялық немесе физикалық кастрация жасалуы мүмкін деп мәлімдеді Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев.



Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты 3 мыңға жуық қылмыстық іс аяқсыз қалған. Оның 605-і кәмелетке толмаған балалардың жәбір көруіне қатысты. Осындай жаға ұстатарлық мәліметтер Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінде айтылды.

Ең сорақысы зорлық жасағандардың арасында жазасын өтеп шығып, айуандық әрекетін тағы да қайталағандар бар. Тек үстіміздегі жылдың өзінде кәмелетке толмағандарға жыныстық қысым көрсетудің 16 дерегі тіркеліп үлгерген. Алайда толыққанды тергеудің жоқтығынан педофилдер емін-еркін тайраңдап жүр. Жиын барысында Бас прокурор аталған қылмысқа қатысты жазаны жеңілдетуге тыйым салуды ұсынды.

Ал оның орынбасары Нұрмаханбет Исаев еркіндікте есірген зорлықшыларға тосқауыл қоятын қатаң жаза кесуді сұрады деп жазды 24.kz.

«Қылмыстың алдын алу мақсатында ерікті немесе мәжбүрлі түрде, химиялық немесе физикалық кастрация жасалуы мүмкін. Көптеген елде, оның ішінде, Ресейде бұл шара жасөспірімдерді қорғау және жиі қайталанатын қылмыстар санын азайту үшін қолданылып жүр. Үйлестіру кеңесі мүшелерінен Ішкі істер басшылығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, сонымен қатар, басқа да құзырлы орындарға осы мәселені талқылау жөнінде ұсыныс жасауын сұраймын», — дейді Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев.
нравится:    871
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии