23 Октябрь
06:27
Астана: -5 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
1 қараша 18:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандағы чик-ап туралы не білесіз?

 
Дамушы мемлекет ретінде Қазақстанның қай саласы болсын қарқын алып, батыстың ілгері көшінің ізінен келеді. Бұған бір айғақ елімізге медициналық check-up (чик-ап) қызметінің енуі. Бұл не? Бір сөзбен айтсақ басы ауырып, балтыры сыздағанда ғана дәрігер іздейтін біздің қоғамға ең қажетті қызмет.
Уақыт тапшылық ететін мына заманда аурухананың табалдырығын тоздырып, дәрігердің ұзын-сонар кезегінде тұрмай-ақ, бір-екі күнде бастан-аяқ дәрігердің тексеруінен өтіп, қай мүшеңіздің ауыратынын, қай жеріңіздің сыр беріп жүргенін, болашақта шалдығуыңыз мүмкін аурулардың белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін қызмет. Тіпті, обырдың белгілері бар ма жоқ па оны да анықтап береді. Тапсырған анализдеріңіз сол күні-ақ дайын болады. Диагнозыңызды анықтап алған соң дәрігерлердің кешенді еміне жүгінесіз.
 
Қазақстанда медициналық check-up (денсаулық жағдайын толықтай тексеру) қызметін ұсынушылар қатарында мемлекеттік, жеке меншік мекемелер, тек осы қызмет түрін көрсетуге бағытталған жергілікті диагностикалық орталықтар мен қазақстандықтарды шет ел клиникаларына емделуге жіберетін шетелдік компаниялардың өкілдіктері  бар. Мәселен бір ғана Астанадағы Республикалық диагностикалық орталықты атап өтуге болады.
 
Чик-ап бірнеше бағдарламаға бөлінеді. Қай бағдарламаны таңдайсыз ол сіздің еркіңіз. Мәселен базалық check-up дене антропометриясын, жүрек-тыныс алу функциясын, онкомаркер, офтальмологиялық және стоматологиялық тексеруді, есту қабілетін, құрсақ қуысының УДЗ, эндоскопия, қан, несеп талдауын және емделушінің жынысына байланысты өзге де медициналық тексерулерді қамтиды. 40 жасқа дейінгілерге бір бөлек, 40 жастан асқан азаматтарға бір бөлек бағдарлама ұсынылады. Әр бағдарламаның бағасы әр түрлі.
 
Сонымен бұл қызмет негізінен Астана мен Алматы қалаларында көп ұсынылады. Еліміздегі бұл қызметтің бағасы  100 мыңнан басталады. 250 мың теңгеге бір адамның толықтай тексеріліп шығуына мүмкіндік бар. Әр мекеменің бағасы бағдарламасына қарай әртүрлі болатындықтан, бағасына қатысты нақ мәлімет клиенттер келген кезде ғана ұсынылады.
 
Ал, қазақстандықтарды шет ел клиникаларына емделуге жіберетін шетелдік компаниялардың өкілдіктері  арқылы өзге елге барып тексеруден өту үшін миллионға жуық қаражат қажет.
                                                           
                                                                                                                                                         Ақбота КҮНТУҒАНҚЫЗЫ
нравится:    755
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии