23 Август
14:09
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Экономика
3 желтоқсан 10:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандағы инфляция деңгейі 12 пайыздан асты


2015 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 12,3%-ды құрады, деп хабарлайды LS. 

Азық-түлік тауарларының бағасы он бір ай ішінде 9,6%-ға, азық-түлік емес тауарлардың көлемі — 21,3%-ға, ақылы қызмет түрлері– на 6,7%-ға артты.

Жыл басынан бері жеміс-жидек бағасы  — 29,9%, күнбағыс майы – 27,7%, консервіленген көкөністер – 20,7%, қант – 19,6%, балық және теңіз өнімдері–  18,4%, алкогольсіз сусындар – 15,2%, ұн өнімдері – 14,6%, кондитерлік өнімдер – 13,9%, консервіленген сүт жәні қарақұмық жармалары – 13,1%, нан – 11,8%, жұмыртқа – 10,5%, макарон өнімдері – 9,1%,ет өнімдері – 8,5%-ға қымбаттаған.

Баға өсімі тоқыма өнімдерінде 33,8%-ды құрады. Киім, аяқ киім – 31,6%, әйнек және керамика – 31,3%, жиһаз және үйге қажетті тауарлар – 29,8%, фармацевтикалық өнімдер – 28,8%, кітаптар – 23,7%, тұрмыстық тауарлар – 22,2%, көлікке қатысты қосымшалар – 19,6%, автокөліктер – 18,1%, жеке тұтыну тауарлары – 16%. Матор майларының бағасы — 33,1%, бензин – 6%-ға қымбаттады. Ал дизельдік жанармай  9,7%-ға арзандаған.

Кабелдік телеарна қызметтерінің бағасы — 50,9%, кешенді демалу орынары – 18,4%, денсаулық сақтау – 11,2%, қоғамдық тамақтану – 11%, мәдениет және ойын сауық орындары – 8,9%, сақтандыру – 7%, жеке қызмет көрсету және шаштараз қызметі – 6,4%-ға артты.

Тұрғын үй коммуналдық тарифтері: суық су — 12,7%, канализаця – 10,3%, электроэнергия – 8,5%,ыстық су – 7%, орталық жылыту қоры –  5,1%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы инфляция дәлізі 2015 жылы 6-8%-дан 8-10%-ға артқан болатын. Ал ЕАЭО елдері арасындағы инфляция 14% болды.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    670
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии