21 Август
16:06
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
17 маусым 16:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандағы миллионерлер нені қалайды?
Жақында forbes.kz сайтында Қазақстандағы ең бай адамдардың өмірі туралы сауалнама жарияланды.



Онда  отандық олигархтардың өмірі жайлы әңгіме қозғалған деп жазады Рейтинг газеті.

Байлардың балалары қайда оқиды?

Миллионерлердің балалары негізінен шетелде оқиды. Сауалнамалардың нәтижесі көрсеткендей, олигархтар балаларын негізінен АҚШ (32 пайызы) пен Британияда (32 пайызы) оқытқанды жөн санайды. Сол миллионерлердің төрттен бірі ғана  (24 пайыз) балаларын Қазақстанның орта мектептерінде оқытуды орынды деп біледі. Ал төрттен үш бөлігі балалары орта мектептің өзін шетелде  оқығаны дұрыс деп есептейді.

Олар кімге еліктейді, кімді пір тұтады?

Олардың  ата-аналары мен балалары негізінен Стив Джобсқа (17 пайыз) еліктейді. Бір қуаныштысы – отандық кумирлер де пайда бола бастапты: сауалнамаға қатысқандардың 9 пайызы «Казкоммерцбанктің» негізін салған  отандасымыз Нұржан Сұбханбердинге еліктейді.

Бос уақытын қалай өткізеді?

Олигархтардың 13 пайызы бос уақытын отбасында өткізгенді, ал 42 пайызы – спортқа арнағанды жөн санайды. 6 пайызы – бос уақытын достарына, кітап оқуға, түрлі саяхаттарға арнайды.

Қандай сусындарды жақсы көреді?

Еліміздің ең бай адамдардың 24 пайызы – суды, 8 пайызы – қымызды, тағы 8 пайызы – шәйді дұрыс көреді. Бірақ, олигархтардың ең жақсы көретін ішімдігі – шарап (28 пайыз).

Қандай киім киеді?

Сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызының сүйікті бренді жоқ. 40 пайызы итальяндық брендтерді (Brіonі, Canalі, Berlutі, Guccі, Brunello Cucіnellі, Loro Pіano) ұнатады.

Қандай көлік мінеді?

Бірінші орында – Мерседес (47 пайыз), 11 пайызы – Toyota,  11 пайызы – BMW көліктерін ұнатады.

Қандай тамақтарды ұнатады?

Еліміздің ең бай тұрғындарының жартысына жуығы (43 пайызы) – қазақы асхананы, қазақы тамақтарды ұнатады. Тағы 10 пайызы – Азия елдері мен итальяндық асхананы дұрыс көреді.

Олигархтарымыз мектепте қалай оқыған?

Еліміздің ең бай тұрғындарының жартысына жуығы (47 пайызы) мектепті үздік бітірген. Болашақ олигархтардың – 8 пайызы мұнайшы болуды, ал 13 пайызы – инженер болуды армандаған. Бір айта кететін жайт – болашақ олигархтар гуманитарлық саланы өз болашағы ретінде қарастырмаған екен.

Қай ел Қазақстан үшін үлгі бола алады?

Олигархтарымыздың 32 пайызы «Қазақстан Сингапурдың жолын қайталаса екен» дейді. Ал 12 пайызы – Қазақстан үшін ең дұрыс жол, дұрыс үлгі – АҚШ деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 8 пайызы Оңтүстік Корея мен Норвегияның даму жолы Қазақстан үшін тиімді деп санайды. Олигархтардың бірқатары Қытай, Түркия, Швейцария, Канада, Израиль, Финляндия және Малайзияның жолы Қазақстанға өнеге боларлық деген ой білдірген.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    1590
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии