18 Декабрь
18:51
Астана: -14 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
21 қаңтар 16:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандағы жалғыз стационарлық планетарий


Ақтөбе планетарийі жұлдызды аспанның кереметтілігін дәріптейтін ғаламат астрономиялық орталық. Жалпы, Ақтөбедегі планетарий Қазақ­стандағы жалғыз стационарлық плане­тарий болып есептеледі.  Аталған орталық 1967 жылы ашылған.



Әлемде 4 мыңға жуық планетарий жұмыс жасайды. Яғни өте аз. Оның елу пайызға  жуығы — Америкада, 40 пайызы — Еуропа елдерінде, он пайызы — Жапонияда, 1 пайызы ғана ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда. Ресейде — 40, Қазақстанда 3 планетарий жұмыс жасайды. Бірі — Алматы қаласындағы оқушылар сарайындағы астрономия үйірмесі есебінде тұрған планетарий. Екіншісі —   ЮНЕСКО-ның шешімімен халықаралық астрономия жылы болып жарияланған 2009 жылы «Бөбек» орталығының жанынан балаларға арналып ашылған обсерваториядағы планетарий. Үшіншісі — Ақтөбедегісі. Үшеуінің ішінде біздің планетарий ғана заңды тұлға ретінде тіркелген.






Ақтөбе планетариінің негізгі бөлмесі - жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуын, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбырлар, Күннің шығуы мен батуын тамашалауға болады. Сонымен қатар жұлдызды бөлмеде астрономия, ғарыш, табиғаттану бойынша қызықты дәрістер оқылады.



Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», астрономиялық бұрышпен таныса алады. Бүгінгі таңда планетарий оқушылар мен студенттерге арналған ғылыми танымал бағдарламалар,  телескоппен бақылау жұмыстарын,  базадан тыс шаралар, көрмелер, конкурстар, конференциялар өткізеді, мұғалімдер мен оқушыларға әдістемелік көмектер көрсетеді.


Дереккөзі: http://visitkazakhstan.kz





 
нравится:    1128
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии