14 Декабрь
23:03
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Спорт
10 қыркүйек 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық 2 ауыр атлет Азия чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан Бангкок (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық екі спортшы алтын алды. 



77 килограмда Айдар Казов серпе және жұлқа көтеру бойынша 350 килограмм көтеріп, Азия чемпионы атанды. Екінші орын алған солтүстік кореялық Джон Менг Сонг та 350 килограмм көтерген. Алайда салмағы Казовтан ауыр болғаннан кейін күміс медаль иеленді. Қола  таиландтық Чиннавон Чатупхумның еншісіне тиді. Ол 349 килограмм көтерді.

Казов "допинг пайдаланды" деп айыпталып, екі жылға спорттан шеттетілген. Бұл - оның жазасын өтеп біткеннен кейін қатысқан алғашқы жарысы.

85 килограмда Ермек Өміртай 364 килограмды көтеріп, алтын алды. Күміс алған қытайлық Сун Вей одан бір килограмм кем көтерді. Қоланы оңтүстік кореялық Лим Юнг-Чулу иеленді - 359.

Осыған дейін қыздар арасында Әсем Садықова мен Фаина Сыбанбаева қола медаль алған. 

Дереккөзі: Азаттық
нравится:    879
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии