|    |  
13 қараша 2018
23:03
қаз
Қазақстандық академик жасырған жұмбағының шешуін тапқан адамға 1000 доллар беретінін айтты
12 ақпан, 12:02 1391

Академик Асқар Жұмаділдаев математикадан мықты оқушыларға теңдеу жасырып, оны шешкен оқушыға $1000 беретінін хабарлады.

Ғалым «х!+1=y2» деген теңдеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табуды сұрайды. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.

«Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сый¬лық болар еді», – дейді академик.

Айта кетейік, академик 60 жасқа 2016 жылы 25 ақпанда толады. Үміткерлер осы мерзімге дейін теңдеуді шешуі тиіс.

Stan.kz
Теги: Қоғам
Жаңалықтар