|    |  
14 қараша 2018
20:31
қаз
​Қазақстандық азамат Сахарада 250 км жүгіріп өтті
18 сәуір, 17:35 84
Көкшетаулық әуесқой жүгіруші Заурбек Аяған Сахарада жүгіруге қатысып, 250 км жүгіріп өтті.

 
 
33-ші «Құм марафоны» Мароккода алты күнге созылған. Оған 49 елден 1 100 адам қатысқан. Қатысушылар шөлде қажет болатын заттарының бәрін рюкзактарымен алып жүрген.
 
Сахарада күндізгі температура 50 градусқа дейін көтеріледі. Одан бөлек улы шаяндар бар.
 
Мәреге бірінші болып марокколық Рашид эль-Морабити жеткен. Ол қашықтықты 19 сағат 33 минутта жүгіріп өткен.
 
40 жастағы қазақстандық бұл қашықтықты 24 сағат 24 минутта еңсеріп, 774-ші орынға тұрақтаған.


 
 
Дереккөз: https://365info.kz
Жаңалықтар