13 Декабрь
13:16
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
24 желтоқсан 09:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық бала күрделі есептерді шығарып ресейліктерді таң қалдырды (видео)
Астана қаласындағы  мектепте 4-сыныпта оқитын Данияр Құрманбаев ресейлік «Бірінші арнаның» «Пусть говорят» телешоуының 23 желтоқсандағы хабарына  қатысып, күрделі есептерді шемешкіше шағып, бағдарламаға  қатысушыларды таңғалдырды.



Даниярдың талантын тексеріп көрмекші болған жүргізуші Андрей Малахов та,  калькулятормен есептеп шығаруға тырысып, оның талантын анықтауға тырысқан хабар қонақтары да астаналық оқушының есепке жүйріктігіне ілесе алмай, таңданысын жасыра алмады.
«Ментальды арифметика маған көп көмектеседі: мұқият болуды, тез ойша есептеуді үйрендім. Бұған дейін тек бағандармен көбейтіп, бөлетінмін, ал енді оны ойша есептеу де қолымнан келеді. Үзіліс кезінде балалар маған жақындап мұны қалай жасайтынымды сұрап жатады» - дейді оқушы.
Бұған дейін ол 18 желтоқсанда  осы арнаның «Супердетки. Мужское/Женское» бағдарламасында да есептен шалдырмай кеткен болатын.
Жүргізушілердің алдына шыққан Данияр өзінің ерекше бала екенін қымсынбастан мойындайды. Арифметика сабақтарына оны анасы алып барған, деп жазады Данияр туралы www.nur.kz.





 
нравится:    1190
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии