|    |  
27 маусым 2019
09:20
қаз
​Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов WBA рейтингінде алғашқы орынға шықты
18 мамыр 2015, 11:41 20
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов WBA рейтингінде алғашқы орынға шықты


Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды. Табельдегі өзгерістер қазақстандық боксшылардың дәрежелеріне де қатысты болды, деп хабарлады Sports.kz.

Бейбіт Шүменов бір сатыға көтеріліп, бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегілер (90,7 келіге дейін) рейтингін басқарды. 

Қанат Ислам бірінші орташа салмақ санатында (69,8 келіге дейін) ТОП-15-те сегізінші жолдан алтыншы жолға көтерілді.

Ал Жанат Жақиянов жеңіл санатта (53,4 келіге дейін) үшінші орнын сақтап қалды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат


Жаңалықтар