20 Август
15:48
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
30 маусым 10:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық менталитетті бейнелейтін мультфильм жарыққа шықты


Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының тапсырысымен “Сәлем саған, туған жер!” деп аталатын мультипликациялық сериалдың тұңғыш сериясы жарыққа шықты. 

Небәрі бір жарым минуттық роликте авторлар Қазақстандағы әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктерін әзілге қосып, елеміздегі халықтар достығын дәріптейді.

Әзіл-қалжыңға құрылған сюжет өте қызықты шыққан. Сценарий авторлары: Тимур Шайткалиев, Дмитрий Щеголихин, Никита Тюлюпов, Артем Подковыров.

Сонымен қатар, аты айтып тұрғандай, мультфильмнің жалпы сюжеті Кеңес дәуірінен бері қазақ музыкасында өшпес хитке айналып, сонау Нағима Есқалиевадан бастап бүгінгі жас әншілер арасында әлі күнге орындалып келе жатқан Композитор Кеңес Дүйсекеевтің ақын Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Сәлем саған, Туған ел!» әнінің желісіне негізделіп өрбиді.



Міне, алғашқы серия осылайша бізді Digital Detox-ты ауылға шақырумен аяқталады.

Digital Detox – адамның смартфон, компьютер, планшет, басқа да құрылғыларды пайдаланудан саналы түрде бас тартып, шаршауын басып, шынайы қарым-қатынас құруға, шығармашылық жұмыспен айналысуға бөлетін уақыты.

Яғни, қызықты туындының халыққа берері бар. Алдағы серияларын біз Сіздермен бірге асыға күтетін боламыз!


Reactor.inform.kz 
нравится:    116
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии