22 Август
22:47
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
26 ақпан 19:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық оқушылар 8 жасар балаға арнап 3D принтерде қол протезін басып шығарды


Павлодарлық оқушылар мүгедек балаға қуаныш сыйлады. Олардың қолдан құрастырып, 3D принтерінде басып шығарған механикалық протезін сегіз жастағы Саша Соколов сынақтан өткізбек.
Бір қызығы, жас өнертапқыштар жасанды қолды құрастырғанда ешқандай арнайы құралдың көмегіне жүгінбеген, деп жазады 24.kz. Туа бітті дене кемістігі бар Саша үшін бұл протез ауадай қажет. Ойын баласы сол қолындағы саусақтарының жоқтығынан қиындық көріп келеді.
«Басында қолайсыз болып көрінгені рас. Қазір қарасам, мына жердегі ілгектерін басқалай орнатыпты. Өзіме ұнап тұр, уақыт өте келе жаңа протезге үйреніп кететін сияқтымын», - дейді  2-сынып оқушысы Александр Соколов.
Әкесінің айтуынша Саша бұрын да протез киген. Бірақ ол саусақтардың жоқтығын білдіртпеуге ғана жарапты. Ал жаңа үлгінің кәдімгідей икемге келетіні көңілдерінен шыққан.
«Бұрынғы протезбен бала қолын қысып, саусақтарын қимылдата алмайтын. Ал мына протез саусақтың  қызметтерін толық атқарады», - дейді  Александрдың әкесі Вячеслав Соколов.
Қазақ-түрік лицейінде информатика пәнінен сабақ беретін Ерхан Міндетбайға қол протезін жасау идеясы кездейсоқ келмеген. Жейдесіне қолын жасырған Сашаны көшеде кездестіріпті. Протез жасауына осы оқиға түрткі болған. Ал шәкірттерімен бірлесіп жасаған жобасы сәтті шықты.
Информатика пәнінің мұғалімі Ерхан Міндетбай: «3D принтері келгеннен кейін біз бірнеше модельдерді жасай бастадық. Сәйкесінше, ең бірінші қарадық, ойладық. Ең жақсы жұмыс - ол біреуге пайдалы болған жұмыс. Сашаға жасағаным, бұл ең соңғы үлгідегі, қолға қатты жақындаған, иілгіштігі біраз жақсы келген бір протез болып отыр. Енді бұл оқушылардың «протез» деп жасаған алғашқы моделі деуге болады», - деді.
«Протезді жасауға екі ай кетті. Құны 15 мың теңгеге түсті. Заманауи протездердің бағасы өте қымбат, 30 мың доллардан басталады. Біздікі сияқты механикалық емес. Батарея, моторлармен жұмыс істеген соң тағы қосымша қаражат жұмсалады», - дейді  11-сынып оқушысы Марат Әбілқайыров.
Жас өнертапқыштар протездің жаңа үлгілерін жетілдіру үстінде. Келешекте сенсорлы құрылғы орнатылған, иықтағы жүйке талшықтарынан күш алатын модельді жасап көрмек.





Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    878
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии