22 Ноябрь
05:17
Астана: -7 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Авто
18 тамыз 15:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық олигархтың баласы Парижде көліктерін көрсетті


Қазақстандық кәсіпкер, миллионер Талғат Байтазиевтің баласы Париждегі Four Seasons Hotel George V Paris деп аталатын бес жұлдызды қонақүйдің алдында коллекциялық автокөліктерін көрмеге қойды. Бұл туралы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі CarsKz автотобындажарияланды. 

"Ішінде ілуде бір кездесетін суперкарлары бар сары кортежді жиі көрмейсің", - делінген хабарламада. Сонда Михаил Байтазиевтің автомобильдерінің суреттері, атаулары және бағалары келтірілген.

"Қуаты 775 аттың күші бар Ferrari F12 Berlinetta Mansory Stallone. Бар жылдамдығы - сағатына 350 шақырым. 0-ден 100 шақырымға дейінгі жылдамдықты 3 секундта асырады. Құны - 600 мың евро. 

Gronos G63 AMG 6×6 - әлем бойынша жалғыз. Мұны оның белгілерінен байқауға болады. Тюнинг-шеберхана оны 840 аттың күші бар жол талғамайтын көлікке айналдырды. 100 шақырымға дейінгі жылдамдықты 6,1 секундта асырады. Бағасы - шамамен 1 миллион евро. 

Mercedes S63 AMG Mansory. Қуаты 800 немесе 1000 аттың күшіне тең. Жүз шақырым жылдамдыққа 3,6 немесе 3,2 секундта асырады, бар жылдамдығы сағатына 300 шақырым. Седан түрінің құны 500 мың евро".

Талғат Байтазиев 49 жаста, ол Атырау мұнай-газ институтының түлегі, 2004-2012 жылдар аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарды. 2012 жылдың желтоқсанында Batumi Industrial Holdings Ltd компаниясының бас директоры болып тағайындалды. Биылғы наурызда кәсіпкердің Молдава металлургия зауытының бас директоры болып тағайындалғаны хабарланған еді.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    706
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии