22 Ноябрь
19:01
Астана: -2 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Экономика
8 шілде 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық өнімдер Duty Free дүкендерінде сатылады

Бірер айдан соң қазақстандық өнімдер дүниежүзінде кең таралған әрі танымал Duty Free дүкендер желісінде сатылады.
Бұл туралы «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздің халықаралық деңгейге шығу үшін қауқары жеткілікті. Кеше ғана елордада ашылған «Халық маркасы» сауда орталығы осының айқын дәлелі. Отандық 100 өндіруші дүкенге өз тауарларын әкеліп үлгерді. Ай соңына дейін тағы 200 компания өнімдерін саудаға шығарады. Тұтынушылар назарына барлығы 60 мыңға жуық түрлі тауар ұсынылмақшы. Айта кеткен жөн, бұл өнімдердің құны басқа дүкендермен салыстырғанда әлдеқайда төмен болады. Себебі кәсіпкерлер орынды жалға алмайды. Римма Тәжібаева, «Халық маркасы» жобасының жетекшісі: - Duty Free деген желімен келісімге отырайын деп жатырмыз. Енді тұңғыш рет осы павильонның арқасында бүкіл Қазақстанның өнімдері бүкіл дүниежүзілік  Duty Free сауда желісінде Қазақстанды көруге ұсыныс түсіп отыр.
 


Дереккөз: 24.kz
нравится:    915
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии