24 Август
01:14
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
6 мамыр 11:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық онкологтар пластикалық ыдыстарды қолданбауға кеңес берді

Қазақстандық онкологтар пластикалық құтылардың зиян екенін айтты. Дәрігерлер бұл байламға шетелдік әріптестерінің зерттеулеріне сүйене отырып келіпті. Полимерлі ыдыстарды пайдаланған кезде олардан рак тудыруы мүмкін химиялық заттар бөлінеді екен.

Дәрігер-онколог Қазыбек Қарабаев жастығына қарамастан бөлім басқарып отыр. Оған да, басқа дәрігерлерге де қойылатын сауал – қауіпті аурудан қалай қорғануға болады.

“Диспансер есебінде 9 мыңнан астам адам тұр. Жыл сайын екі мыңға жуық адамды есепке аламыз”, – дейді Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі Қазыбек Қарабаев.

Ауруға шалдығудан республика бойынша Солтүстік Қазақстан облысы алда тұрса, одан кейін Шығыс Қазақстан мен Павлодар орналасқан. Онкологиялық аурулардың нақты себебі елімізде де, шетелде де табылмады. Бірақ, мамандар қауіпті дерттің өршуі экология, зиянды әдеттер әсерінен деп топшылайды. Бұл қауіпті ауруды шақыратын тағы бір нәрсе – пластикалық құтылар да болуы мүмкін екен.

“Дәрігерлер адам денсаулығы үшін маңызы зор деп суды көбірек ішуге кеңес береді. Бірақ, бұл ретте пластикалық бөтелкелерді қолданбаған жөн. Олардың қай түрі болмасын канцероген бөледі екен.

Полимерлі ыдыстар 90 жылдары шыға бастаған. Одан тек бөтелкелер емес, бір рет пайдалануға жарайтын ыдыстар да жасалады. Пластикалық құтылар құрамындағы формальдегид, гексан, ацетон, метилді спирттер адам ағзасына зиян екен.

Stan.kz
нравится:    3829
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии