20 Август
13:58
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
30 маусым 18:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстандық сарапшылар Балқаш көлінің тартылып қалуынан қауіптенуде
Балқаш көлінің суы тартылып кетуі мүмкін деген қауіп бар, деп есептейді Балқаш-Алакөл бассейндік кеңес хатшысы Анара Тілеулесова.

«Қазір Балқаш көлінің белгісі деп аталатын меже – 342,2, ол қалыпты жағдай, бірақ ертеңдері қажет көлемде су берілмейтін болса, ол төмендеп кетуі мүмкін. Бұл жерде проблема туындайды. Былтыр Балқаш деңгейі жарты метрге түскен, ол дегеніңіз 18 млрд текше метр су деген сөз», – дейді Тілеулесова Балқаш-Алакөл бассейндік кеңестің 20-шы отырысының дәліздерінде.

Оның айтуынша, үшінші жыл қатарынан Ілемен аз су құйылуда, ал Іле Балқаштың 80% суын құяды.

«Норма бойынша құйылатын су көлемі секундына 700 текше метр болуы керек, ал бүгіндері ол 400 текше метр, яғни, нормадан екі еседей аз. Оның үстіне Қапшағай су қоймасындағы су көлемі 15 текше километр, қыс бойына аққан су көлемі тым төмен болғаны соншама, біз ол суды жинай алмадық. Іленің төменгі сағасы мен Балқаштың суға толуы Қапшағайға байлданысты», – деді Тілеулесова.

Сондай-ақ, сарапшы Балқаштағы су сапасына назар аудара келіп, «бізде сарқынды су өте көп» деп атап өтті.

«Судың сапасын нақты көрсететін елеулі зертханалар болуы керек», – деп есептейді ол.

Балқашты сумен толтыру жолдарын сарапшы, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану және заңнаманы сақтауда деп біледі.

«Су кодексінің 103-ші бабында барлық кәсіпорындар айналмалы су пайдалану жүйесін енгізуі керек деп айтылған. Демек пайдаланылған суды тазарту қондырғыларынан өткізіп, техникалық мұқтаждықтарға қайта пайдалану, ал табиғи су көздерінен суды тек нәпақа ретінде алып отыру керек. Сол кодекстің 86-шы бабында әр кәсіпорын әр бес жылда өнім бірлігіне су пайдаланудың жеке нормасын дайындап отыруы керектігі анық көрсетілген. Шартты түрде алсақ, 1 кг нан пісіруге 1 литр су керек. Ол өндірісті су үнемдейтін жаңа технологиялар енгізу үшін керек», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, су пайдаланушылар ол нормаларды сақтамайды, ал заңды бұзғандары үшін жауапкершілік тиімсіз болып отыр.

Дереккөз: nur.kz
нравится:    753
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии