16 Декабрь
13:19
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
12 қараша 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық студенттің қосымшасы Apple Store-де ең үздіктердің бірі болды
19 жастағы қазақстандық Аян Еңбекбайдың жаңа қосымшасы AppStore тобының тегін, үздік қосымшалардың қатарына енді. Бағдарлама  арқылы қала кинотеатрларында болатын кинотеатр афишаларын,  оларды рейтингтері және кинолардың көрсетілім уақыты мен трейлерін көруге болады деп жазады Look.tm.




Қосымша қазіргі уақытта Facebook, Skype, Snapchat, Kolesa т.б. мобильді қосымшаларынан кейін 24 орынға тұрақтады.

Аян Еңбекбай — АҚШ-тағы Миннесот университетінің екінші курс студенті. Ол қосымшаны жасап шығаруды мектепте бітіретін кезде, ойын арқылы балаларға бағдарламалау принциптерін үйрету барысында қолға алған. Жобаны толық аяқтай алмағанмен iOS платформасының жұмыстарына қызығушылық танытып, бастамасын Objective С тілі арқылы қайта дамытуды жалғастырады.

«Мен киноға барғанды жақсы көремін. Бірақ сеанстарды қарауға арналған қосымшалар жарамсыз болды. Бар мәселе — олардың қолданушыларға түсініксіз болуы.  Мен «Сеанс» арқылы қолданушыларға тиімді болуы үшін тартымды дизайн мен қолданудың қарапайым түрін және жаңаша қызметті біріктіргім келді», -деді ол.

Өнертапқыштың айтуынша, қосымшаның алғашқы үлгісін жасауға жарты ай уақыт кеткен. Баптауларды автоматтандыру үшін Қазақстан кинотеатрларының сайтындағы сеанстарды топтастыруға тура келген.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    874
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии