|    |  
19 желтоқсан 2018
16:46
қаз
Қазақстандық теннисші Нюрнбергтегі турнирдің ширек финалына өтті
21 мамыр, 16:09 829
Қазақстандық теннисші Нюрнбергтегі турнирдің ширек финалына өтті


Голландиялық теннисші Кики Бертенс Нюрнбергтегі турнирдің екінші кезеңінде жеңіске жете алмады. Ол үш сетте қазақстандық Юлия Путинцевадан 4/6, 7/5, 5/7 есебімен жеңілді.
 
Осылайша қазақстандық спортшы ширек финалға өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Екі теннисшінің кездесуі 2 сағат 56 минутқа жалғасты. Әлемдік рейтингте 105-ші орында тұрған 20 жастағы Юлия тоғыз брейк-пойнтты жүзеге асырып, доп беруде үш рет қателесті.
Осылайша, Путинцева Nürnberger Versicherungscup жарысының ширек финалына өтті. Ширек финалда ол италиялық Карин Кнаппен кездеседі.

Дереккөз: BNews
 
 


Жаңалықтар