|    |  
21 қараша 2018
18:59
қаз
Қазақстандық туристер үшін кепілдендіру қоры құрылмақ
18 қыркүйек, 15:21 713
Қазақстандық туристер түрлі келеңсіз жағдайлардан қорғалады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, демаламын деп тақырға отырған отандастарымыздың саны жыл сайын азаяр емес. Енді мұндай деректер қайталанбас үшін Инвестиция және даму министрлігі бірқатар шараны қолға алмақ.



Атап айтсақ, қандай да бір жоспарланбаған жағдайлар кезінде азаматтарымыздың аман-есен елге жетуіне кепіл болатын арнайы сақтандыру қоры құрылады. Ондағы қаражат туристердің қосымша төлемдері арқылы жинақталады. Сондай-ақ туроператорлар депозит шоттарын ашуға міндеттеледі. Бұл қор да отандастарымыздың далада қалмауына кепілдік береді. Қазіргі таңда аталған заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Құжат Парламент мақұлдауынан өтсе, келесі жылы күшіне енеді деген жоспар бар.

Тимур Дүйсенғалиев, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің туризм департаментінің басшысы: - Мұндай қор құруға туроператорлардың өзі түрткі болды. Өйткені халықаралық тәжірбие бар. Кейбір шет елдерде аталған құрылым сәтті жұмыс жасауда. Біздің міндетіміз тиісті заңжобасын әзірлеу болды. ал, бұл қорларға түскен қаражатты басқару бизнеске жүктеледі.

Дереккөзі: 24.kz
Жаңалықтар