19 Ноябрь
03:39
Астана: -3 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
2 наурыз 15:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық жас өнертапқыш әлемдегі алғашқы робот-альпинисті жасап шығарды (ВИДЕО)



Қазақстандық өнертапқыш Азамат Ешмұхаметов     өнеркәсіптік мақсатқа арналған алғашқы робот құрылғы жасап шығарды. 
 Әлі де атқарылатын жұмыстары көп. Дегенмен жас қазақстандық мұндай түрлі қызметті атқаратын гибрид робот әлемде жоқ екеніне сенімді, деп хабарлайды 24.kz. Аппараттың бірегейлігі оның әмбебаптығында: роботты құрылыс, машина жасау, фармацевтика, тіпті медицинаға пайдалануға болады.
 Yamabot-10 авторы Азамат Ешмұхамбетов «Болашақ» бағдарламасының степендиаты.
 Қазақстандық студенттің жобасына Токай университетінің нақты ғылымдар кафедрасының меңгерушісі  қолдау білдірді. Азамат барлық бөлшектерді өзі жасап, шағын зертханасында басып шығарды. Оған Ямабот деп ат қойды. Ол роботты Қазақстанға келген соң ғана тестен өткізіп сынамақ.
«Робот  - қаласақ та, қаламасақ та  біздің келешегіміз. Қазақстанда жастар осы тәрізді робот жасап шығаруға ұмтылғанын қалаймын. Себебі бұл біздің болашағымыз. Алға ұмтылуымыз қажет, алдағы уақытта әр отбасының өз роботтары болатынына еш күмәнім жоқ»,-дейді Азамат Ешмұхаметов.
Жарты жылдан соң ол Қазақстанға оралып, өз туындысымен әрі қарай жұмыс жүргізбек. Ол Ямаботты өнеркәсіптік альпинизмге пайдаланбақ. Әлі күнге дейін әлемде терезе жуатын, қасбет сырлайтын, биіктікте жұмыс істейтін роботтар жоқ. Адамдар өз өмірлерін тәуекелге тігеді. Бұл жұмыстарды роботтар атқаратын уақыт жетті, деп санайды қазақстандық инженер.
 

 
нравится:    915
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии