17 Август
23:34
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
18 мамыр 09:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандық жас шахматшы Әлем чемпионатында алтын алды
Тоғыз жасар Әмина Қайырбекова 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында Таиландтың Паттайя қаласында өткен Әлем чемпионатында бірінші орын алды,деп хабарлады astana.gov.kz.
 


Еліміздің жас шахматшылары жалпы командалық есепте 10 медаль иеленіп, нәтижесінде төртінші орынға тұрақтады. Чемпионат қорытындысына сүйенсек, ел құрамасының қоржынында бес қола, үш күміс және екі алтын медаль бар.
Қола жүлдені Самал Әбдуәли (13 жасқа дейін), Арыстанбек Оразаев (17 жасқа дейін), Алтынай Қожамқұл (7 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (11 жасқа дейін) және Назерке Нұрғали (11 жасқа дейін) иемденді. Күміс медаль Әмина Қайрбековаға, Аңсат Алдиярға (7 жасқа дейін), Дениза Құрманалинаға (7 жасқа дейін) бұйырды. Ал алтын медальды Сайын Жанат (17 жасқа дейін) пен Әмина Қайрбекова еншіледі.
Елімізге оралған жеңімпаз жас спортшыларды әуежайда туыстары мен ата-аналары ыстық ықыласпен қарсы алды.
- Мен үшін чемпионатта ең мықты қарсыластар Моңғолиядан, Қытай мен Үндістаннан келген шахматшылар болды. Бірақ, соған қарамастан, барымды салып бірінші орынды иелендім. Жарысқа бара жатқанда ниетім елге бірінші орынмен оралу болды, - дейді Әмина.
Әминаның анасының айтуынша, бала 5 жасынан шахмат ойнайды екен. Ол мектепте үздік оқушы. Одан өзге кәсіби балетпен де айналысқан. Бірақ, уақыттың тығыздығынан ол өнерді тастауға тура келді.
Әмина шахмат біріншілігінде жалпы 9 баллдың 8 еншілеп, турнир жеңімпазы атанды. Кейін алтын медальға тағы бір күміс медаль да қосылды. Осылайша, жас шахматшы блицте екінші болды.
 
нравится:    802
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии