14 Декабрь
22:53
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
3 ақпан 17:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтар 1-10 ақпан аралығында қатерлі ісік ауруына тегін тексеріле алады


«Қазақстандықтар 1-10 ақпан аралығында қатерлі ісік ауруына тексерілу мақсатында тар шеңбердегі мамандардың тегін кеңестерін ала алады» деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні аясында 2016 жылдың 1-10 ақпан аралығында еліміздің барлық аймағында алдын алу және ерте кезде анықтау бойынша «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен он күндік іс-шара өтеді. Осы шара барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары және онкодиспансерлерде ашық есік күндері өтеді. Тұрғындар тегін медициналық тексеруден өтіп, мамандар кеңесін ала алады.

Айта кететін жайт, жоғарыда аталған барлық іс-шаралар 1 және 10 ақпан күндері аралығында әр түрлі күндерде өткізілетін болады. Толығырақ ақпаратты тұрғындар алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардан және онокдиспансерлерден ала алады.

 Қатерлі ісікпен күрес ҚР Денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Отандық медициналық ұйымдар әсіресе аурудың бастапқы кезеңдерінде науқастың толықтай сауығып кетуіне мүмкіндік беретін емдеу әдістерінің озық технологияларымен жабдықталған.

 Скринингтік медициналық тексерулер алдын ала емдеудің және зиянды ісіктерді ерте кезде анықтаудың тиімді тәсілі болып саналады. 2015 жылы елімізде онокологиялық скринингтер аясында 1,5 миллионнан астам ересек жастағы тұрғындардың мақсатты топтарын тексеру өткізілді.

 Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық ісікке қарсы одақтың бастамасымен атап өтіледі. Былтырғы жылы атаулы күн «Бұл қолымыздан келеді!» ұраны аясында өткен болатын.
нравится:    740
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии