|    |  
22 қараша 2018
03:10
қаз
Қазақстандықтар 5 000 жуық VIP-нөмерлерді сатып алды
27 сәуір, 17:09 585
Жарты жылдың ішінде Қазақстанда  4 738  жуық МТНБ сұраныс жасалып, мемлекет қазынасына 16 млрд. теңгеге жуық қаражат түскен.
 

Нақты мәлімет көздеріне қарағанда, «әдемі» авто нөмерлерді сатып алу көрсеткіштері бойынша Алматы қаласы тұрғындары көш бастап тұр екен, олар жалпы соммасы 200 млн 705 мың теңгені құрайтын 599 жиынтық сатып алған, одан кейінгі орында Астана тұр. Астана тұрғындарына жалпы соммасы 75 млн 246 мың теңге болатын 219 МТНБ сатылған. Бұл тізімнің соңында Солтүстік Қазақстан мен Ақмола обылысы тұр. Оларда бар болғаны 19 және 17 жиынтықтан ғана сатылған.

Еске сала кетсек, біріңғай сандық реттегі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгілердегі мемлекеттік нөмерді сатып алғысы келетіндер АСК-нен 13 700 % аударуы керек, яғни 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық мәндегі нөмерлер үшін АЕК-тің 22 800 % немесе 451 896 теңгені құрайды.
 
Теги: Главная
Жаңалықтар