21 Июль
07:30
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Экономика
19 сәуір 15:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтар ақшаларын қайда және қалай сақтайды?


Ranking.kz қазақстандықтардың депозиттерді қандай валютада ашатынын анықтау мақсатында жүргізген зерттеуінің нәтижелерін жариялады.

Жыл басынан бері қазақстандықтардың теңгемен бөлшектік салымдар портфелі 4 пайызға, яғни 2,99 триллионнан 3,11 триллион теңгеге өскен. Осы кезең ішіндегі валюталық депозиттер 9 пайызға, 4,48 триллион теңгеге қысқарған. Нәтижесінде теңгемен салымдардың үлесі нарықта жыл басындағы 38 пайыздан 41 пайызға өскен. Жалпы бөлшектік депозиттік портфельдің көлемі екі ай ішінде 4 пайызға, 7,59 триллион теңгеге қысқарған.

Қазақстандағы 33 банктің тек оны ғана жыл басынан бері бөлшектік портфельді арттыра алған. Өсім бойынша көш басында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұр. Бөлшектік салымдар портфелі екі ай ішінде 25,1 миллиардтан 435,6 миллиард теңгеге дейін артқан.

Екінші орынға Хоум Кредит  жайғасты – жыл басынан бері өсім 4,6 миллиард теңгені құрайды. Бөлшектік салымдар көлемі 37,5 миллиард теңгеге жеткен, Қазақстанның үлесі 0,4 пайыздан 0,5 пайызға артқан.

Kaspi Bank үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бөлшектік салымдар көлемі 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында 4,1 миллиард теңгеге артқан.

Өңірлік қимада 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында тек бес облыста ғана жеке тұлғалар депозиттерінің артқанын байқауға болады. Көш басында Батыс Қазақстан облысы – екі айдағы өсім 2,1 миллиард теңгені құрайды, 166,9 миллиард теңгеге артқан, облыстың үлесі 2,1 пайыздан 2,2 пайызға артқан.

Екінші орында Маңғыстау облысы тұр – жыл басынан бері өсім 1,5 миллиард теңгені құрайды. Облыстағы тұрғындар салымдарының көлемі 200,5 миллиард теңгені құрайды, Қазақстанның үлесі 2,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін өскен.

Үздік үштікті Қостанай облысы аяқтайды – жеке тұлғалар депозиттерінің өсімі екі ай ішінде 0,8 миллиард теңгені құрайды, 228,1 миллиард теңгеге артқан, ақпан айының соңындағы жағдай бойынша үлесі 3 пайызды құрайды, жыл басында 2,9 пайыз болған.


Дереккөзі: https://Ranking.kz
 
нравится:    523
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии