13 Декабрь
13:07
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
11 маусым 14:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтар Грузияда бір жыл бойы визасыз бола алады
94 елдің, оның ішінде Қазақстанның азаматтары енді Грузияға визасыз барып, сол елде бір жылға дейін бола алады. Тиісті қаулы Грузия заңнамалық жаршысының сайтында жарияланды.



Тізімге, атап айтқанда, ТМД, Еуроодақ мемлекеттері, АҚШ және тағы басқа да елдер кірді.

Құжатқа сәйкес Еуроодақ елдерінің азаматтары жолақы құжаттары, БҰҰ төлқұжаты, есімі, тегі, туған күні мен фотосы бар куәлікпен Грузияға бара алады.

Сондай-ақ Geomigrant.com порталында шетел азаматы бұл елге визасыз бару құқығына ие болып, онда айрықша жағдайда, үкіметтің шешімі бойынша тұруына болатыны атап өтіледі.

Грузияда 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданыстағы бұрынғы визалық ережелер өз күшін тоқтатты. Атап айтқанда, олар елде осы кезеңде 90 күн болу құқығымен 180 күнге жарамды мерзіммен көпреттік виза беруді көздеді. Грузиямен визасыз режімге ие елдердің азаматтары республикада жарты жыл аралығында 90 күн бола алатын еді.

Визсыз режім Грузияда осы елдің маңызды әріптесі болып табылатын, екіжақты, көпжақты келісімдер ресімделген елдер мен Еуропа елдері, НАТО мен ТМД-ға мүше елдер үшін қарастырылған.

Дереккөзі: http://www.inform.kz/
нравится:    647
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии