13 Декабрь
21:09
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
4 желтоқсан 10:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтар ислам заңдылықтары бойынша мүлік сатып ала алады
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) және «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ (Al Hilal Bank жария акционерлік қоғамының Қазақстандағы еншілес банкі, БАӘ) Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге келді. Бұл туралы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Al_Hilal_Bank_facade

Бұл қаржы өнімі ҚДБ-ның еншілес компаниясы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы енгізілетін болады. Үш қаржы ұйымының Басқарма Төрағалары: ҚДБ тарапынан – Болат Жәмішев, «AlHilal» Ислам банкі тарапынан – Прасад Абрахам және «ҚДБ-Лизинг» тарапынан – Алексей Боев ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында тиісті меморандумға қол қойды. 
 
Қазақстанда мүлікті сатып алу және оны кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беруден тұратын исламдық қаржы өнімдерінің бірі – «Иджараны» ілгері жылжытуды жоспарлауда. «ҚДБ-Лизинг» ондай жобаларды қаржыландырған кезде «Al Hilal» Ислам банкі» оған методологиялық көмек көрсетеді.
«Біз алдымызға қаржы өнімдерінің қатарын кеңейту, оның ішінде еншілес компания «ҚДБ-Лизинг» жұмысына ол қаржы лизингісіне ұқсас болғандықтан, «Иджара» ислам қаржыландыруын енгізу арқылы кеңейту мақсатын қоямыз. Өз кезегінде, біздің жоспарларымызды жүзеге асыру барысында серпінді дамып келе жатқан БАӘ банктерінің бірі – «Al Hilal» Ислам банкі» тәжірибесіне сөзсіз баға жетпес», - деп белгіледі ҚДБ басшысы Болат Жәмішев.

«Бүгін біз екі жетекші ойыншы Қазақстанда исламдық қаржыландыру саласында күштерін біріктіріп жатқан көрнекті оқиғаға куә болып отырмыз. «Аl Hilal» Ислам банкі» АҚ ислам қаржысындағы ауқымды тәжірибесін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға исламдық өнімдер мен қызметтерді іске қосуға болысу мақсатында қолданады. Ол өнімдер мен қызметтер, өз кезегінде, Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталады», - деді «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Прасад Абрахам.
нравится:    890
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии