19 Август
04:07
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
5 мамыр 11:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтар онлаймен ПИК жұмысын бақылай алады
Пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК-тердің) қызметі үшін төленетін төлемдердің қандай мақсатта жұмсалып жатқандықтарын қазақстандықтар смартфондардың көмегімен бақылай алатын болады. Бұл туралы мәліметтерді Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты деп хабарлайды LS.
 

«Біз алдағы уақытта Астана, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ПИК-терге ай, тоқсан сайын электронды форматта есеп беруді енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жобаға сәйкес,
тұр­ғындар өз ПИК-терінің сайтынан барлық ақ­паратқа қанығып отырады және де ПИК-дің жұмыстарына дауыс беру мүмкіндіктерін де қарастырып отырмыз»  дейді вице-министр.  

Аталған жаңа жоба жылдың аяғына дейін әзірленіп, іске қосылады деп жоспарлануда. Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде ПИК-тер электронды нұсқада есеп беруді бастап кеткен.

«Біз пәтер иелері ретінде күнделікті күйбең тіршіліктерден қолымыз босамағандықтан, ПИК бас сұға бермейміз, ПИК ақшаны қайда жұмсап жатқандығынан да хабарымыз жоқ. Сондықтан да  біз электронды нысанда ай сайын және тоқсан сайын есеп берулерді енгіздік»,- деді Өскенбаев.
нравится:    751
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии