22 Ноябрь
20:40
Астана: -6 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Туризм
27 мамыр 11:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтар шетелге шыққанды жақсы көреді
Биыл «KIFT-2016″ туризм көрмесіне 31 мемлекеттің компаниялары қатысты. Ал өткен жылы шараға 38-40 елдің компаниялары келген болатын. Шарада биыл алғаш рет Алматы облысының туристік әлеуеті көрсетілді, деп хабарлайды total.kz.

viza-v-oae-dlya-grazhdan-kazahstana-http-vivid-travel.kz

Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы ішкі туризм негізінен шет елдіктердің қызығушылығын тудыратын болады. «Инфляцияға байланысты Қазақстандық өнім өзге елдермен салыстырғанда арзанға түспек. Сонымен қатар, 19 елдің азаматтарына визасыз режим енгізу де шет елдіктердің Қазақстанға келіп дем алуына жағдай жасайды. Ал қазақстандықтардың өздерінің қызығушылықтарына келер болсақ, қазақстандықтар демалыс күнлері болмаса, ішкі туризмге арнайы шықпайды», — деп мәлімдеді Қазақстанның туристер ұйымының директоры Райшида Шайкенова.
Осылайша экономикалық құлдырау туризмге оң әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, әлі де болса қазақстандықтар ішкі туризмнен гөрі шет елге шыққанды жөн көреді. «Сыртқы туризм жағынан қазақстандықтардың сұранысы биыл айтарлықтай деңгейде азайып кетті. Туристердің негізгі бағыттары әдеттегідей Түркия мен Египет, операторлар Ыстық көл мен Біріккен Араб Әмірліктерін де ұмытқан жоқ. Еуропадан Болгария мен Грекияға деген сұраныс бар. Ал Еуропаның өзге елдеріне сұраныс тіпті жоқтың қасы. Ал медициналық туризм жағынан Оңтүстік Корея әлі де сұранысқа ие», — дейді Шайкенова.
нравится:    569
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии