12 Декабрь
18:16
Астана: -20 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
13 тамыз 15:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтар үшін қажылық сапар қымбаттайды
Отандық "SCAT" әуе компаниясы қажылыққа сапар шегушілерді тасымалдау құқығына ие бола алмады. Сол себепті биыл Қазақстан қажылары діни парызын өтеу үшін тек Сауд Арабиясының "FlyNas" әуекомпаниясы арқылы ғана тікелей рейспен ұшады. Алайда бұл бұған дейінгі Стамбұл, Әбу-Даби қалалары арқылы ауысып ұшудан 250-400 АҚШ долларына қымбат болуы мүмкін дейді мамандар.



Биыл Мекке мен Медине қалаларына қажылыққа баратын 5000 отандасымыздың барлығына діни орынға "FlyNas" әуе компаниясының қызметіне жүгіну міндеттеледі. Әрі елшілік қызметінде виза беру кезінде тәртіптің орындалуы қатаң бақылауға алынады. Келісімшарт бойынша екі елдің отандық әуе компаниялары 50-50 пайыздық мөлшерде қызмет көрсетуі тиіс болған. Алайда Сауд Арабиясы қойған талапқа "SCAT" компаниясы техникалық тұрғыда сай келмеген. Есесіне жылдағыға қарағанда сапар уақыты қысқарды дейді мүфтият басшылары.

«Биылғы жылғы тікелей рейсіміз Алматы қаласынан жүзеге асатын алты сағаттың көлемінде Медине, жидда қалалаларына ұшып барады. Және қайтар жолымыз 5 сағатқа қысқарып отыр», - дейді ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Cерікбай Ораз.

Дереккөзі: 31 арна
нравится:    1463
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии