Экономика
4 желтоқсан 18:09
Қазақстандықтардың 30%-ы тиімсіз ұялы байланыс тарифтерін қолданады
​ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов қазақстандықтарды тиімді ұялы байланыс тарифтерін қолдануға шақырды. Оның сөзінше, абоненттердің 30%-ы 2011-2012 жылдардағы тиімсіз тарифтерді пайдаланады. Бұл туралыToday.kz хабарлайды.



«Қазақстандағы ұялы байланыс тарифтеріне келсек, бізде олар бәсекелесуге өте қабілетті. Қазір 1 минуттың орташа бағысы 3 теңге… Мысалы, бір айға мың теңгелік пакеттер бар. Омен желі ішінде қанша сөйлессеңіздер де болады. Басқа ұялы байланыс операторларына хабарласатын тиімді тарифтер де бар. 100 теңгеден басталып ары қарай кете беретін»,- деді С.Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Вице-министрдің сөзінше, абоненттердің 30%-ы осы уақытқа дейін, 2011-2012 жылдардағы қымбат тарифтерді пайдаланып келеді.

«Олар (тарифтер) қымбат, сондықтан мен біздің азаматтарды тиімді тарифтерге өтуге шақырғым келеді. Ал ұялы байланыс операторлары оны автоматты түрде тиімді тарифке ауыстыра алмайды»,- деді ол.

Комментарии




Яндекс.Метрика