18 Декабрь
11:01
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
7 желтоқсан 14:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстандықтардың шетел валюталарына сұранысы төмендеді


Қазақстандықтардың шетел валюталарына сұранысы   төмендеді. 2015 жылдың қазан айында ақша айырбастау пунктері қыркүйек айымен салыстырғанда долларды 22,4%-ға, рубльді  16,5%-ға, еуроны 8,8%-ға аз сатқан. Бұл туралы LS хабарлайды.  

Доллар

АҚШ валютасының қазан айындағы сатылымы қыркүйек айымен салыстырғанда қысқарған. Қыркүйекте 1,52 млрд доллар сатылса, қазан айында 1,18 млрд доллар сатылды.

2015 жылдың басынан бері 14,2 млрд доллар саудаға шығарылды. Осы кезеңде ақша айырбастау пунктері 2,1 млрд долларды жүзеге асырды.

Рубль

Осы жылдың қазан айында  қазақстандықтар 12,48 млрд рубль сатып алды. Бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,47 млрд рубльге төмен.

2015 жылдың басынан бері ақша айырбастау пунктері арқылы 197,21 млрд рубль жүзеге асырылды. Сонымен қатар ең жоғарғы айлық сатылым  көрсеткіш 29,48 млрд рубль болды.

Еуро

Еуроның сатылымы қазан айында 93,2 млн еуро болды. Бұл көрсеткіш қыркүйекте 102,2 млн еуро болған еді.

Қазақстандықтар жыл басынан бері  998,44 млн еуро сатып алған. Ең жоғарғы сатылым көрсеткіші 127,4 млн еуро болса, ең төменгі көрсеткіш тамыз айында 79,5 млн еуроны құрады.

Дерекөзі: http://7kun.kz/
нравится:    843
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии