19 Декабрь
02:14
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
12 маусым 17:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстанға теңгені еркіне жіберетін уақыт жетті-сарапшы
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) жұмысының төртінші айы да аяқталды. Сарапшылар мен экономистер бұл бірігудің пайдасы көп бола ма, әлде зияны көп бола ма, ол жағын әлі анықтай қойған жоқ, ал халықаралық институттардың пікірінше, Ресейге салынған санкциялар салдарынан қарқын ала бастаған дағдарыс қатысушы елдерге жағымсыз әсерін тигізуде. ЕАЭО жұмысына баға беру үшін «Капитал.kz» өзіміздің отандасымыз, ұзақ уақыттан бері Беларусьтегі «Альпари» халықаралық компаниясында жұмыс істеп келе жатқан Вадим Иосубтен девальвацияға қатысты пікірін жариялады.



«Қазақстанда күшіне енгізілген тағайындалған бағам түзілімінің бірқатар қиындықтары бар. Сондай басты қиындықтардың бірі – теңгеге қатысты доллар бағамы қандай болмасын, девальвация жүргізуге мүдделілердің қашанда болатындығы. Олар, мысалы, экспортшылар. Бір жағынан, оларға қарсы шығушылар да табылады, олар – импортшылар мен қарапайым халық. Түрлі топтардың түрлі мүдделері әрқашан болып тұрады. Екінші мәселе: егер ұлттық валютаны құнсыздандырса, онда қалай еткен жөн, 5%-ға ма, 10%-ға ма немесе 30%-ға құнсыздандыра ма? Бұл сұраққа жауап беру де мүмкін емес, өйткені, қалай болғанда да, девальвацияны қолдайтындар «жеткілікті түрде құнсыздандырылмады» деген пікірде қала береді»,- деп айтқан іскерлік БАҚ өкіліне берген сұхбатында Вадим Иосуб.
Сондай-ақ Вадим Иосуб: «Бұл жағдайдан шығудың бір ғана әдісі – құбылмалы бағамға көшу. Мұндай жағдайда үкімет пен Ұлттық банк алдындағы теңгені құнсыздандыру керек пе, онда қаншаға құнсызданбақ деген екі мәселе бірден шешіледі. Бұл мәселелерді барлық қатысушылардың мүддесін ескере отырып, нарықтың өзі реттей алады. Нарық – осы қарама-қайшы көзқарастарды барынша тиімді түрде теңестіретін тетік. Бұл әрине, мінсіз құрал емес, дегенмен, қазірше адамзат ойлап тапқан ең озық құрал осы болып отыр»,- деп пікір білдірді.

Дереккөзі: kapital.kz
нравится:    730
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии