18 Декабрь
20:47
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
14 шілде 10:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстаннан Қытайға жаңа авиарейстер ашылады
Мемлекет басшысының әуе тасымалын одан ары дамыту саласы бойынша 5 институционалды реформа және 100 нақты қадамды іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚХР-ның авиациялық билігінің ресми делегациясымен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық делегацияны азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев, ал Қытай жағын ҚХР-ның авиациялық әкімшілігі бастығының орынбасары Ванг Жикинг басқарды.



Тараптар екі ел арасындағы ұшулар құқығын едәуір ұлғайтуға келісті. Талғат Ластаев атап өткендей, қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуына болатын Қытай қалаларының саны 2 есеге артты. Ендігі жерде біздің компаниялар Қазақстанның кез келген қаласынан тек қана Бейжің, Үрімші, Санью қалалары ғана емес, сондай-ақ Шанхай, Сиань, Ченьгду сияқты мегаполистерге ұша алатын болды. «Скат» авиакомпаниясы Алматыдан Сианьға 2015 жылы, Астанадан Сианьға, Ақтаудан Үрімшіге – 2016 жылы, сондай-ақ Алматы мен Астанадан Шанхайға 2017 жылы рейстер ашуды жоспарлауда. «Эйр Астана» авиакомпаниясы Астанадан Шанхайға 2019 жылы және Ченьгдуға 2018 жылы рейс ашуды жоспарлап отыр. Рұқсат етілген маршруттар саны 12 есе көбейді, оның ішінде Қытайға ұшатын рейстер саны 130 %-ға артты. Қытай тасымалдаушылары Астана мен Қызылордаға рейстер ашуды жоспарлауда.



«Эйр Астананың» деректеріне қарағанда, Қытайдан Қазақстанға қарай транзиттік жолаушылар ағыны кейінгі 3 жылда 81%-ға артып, 70 мың жолаушы болды. Қытай тарапының ақпаратына қарағанда Қытайдың әуе көлігімен сыртқа шыққан туризм көлемі 2014 жылы 115 млн адам болған. Осы көлемнің тек қана 1%-ын тартудың өзі 10 млн жолаушыдан артады, ал бұның Қазақстанның авиакомпаниялары мен аэропорттары үшін орасан мультипликативтік тиімділігі болады.



Салыстыру үшін мынадай дерек келтірсе жеткілікті: 2014 жылы Қазақстанда барлығы 5,4 миллионға жуық жолаушы тасымалданған. Келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған Келісім Қазақстанның осындай транзиттік мүмкіндіктерін пайдалануға және Жібек жолы экономикалық белдеуінің дамуына жаңа перспективалар ашатын болады.

Дереккөзі: 24 kz
нравится:    819
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии